Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының басшысы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының басшысы
Шаяхметова Лилия Мүслімқызы
PhD докторант
Білім: 2004 ж М.О. Әуезов атындағы  Семей университеті, мамандық «Бухгалтерлік есеп және аудит».
2011 ж. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 6М050600 "Экономика"мамандығы бойынша магистратура.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. PhD докторантура ОП 8D04106 "Аналитикалық экономика".
Зерттеу саласы: ҚР туризм саласының инвестициялық әлеуеті, Шығыс Қазақстан облысының туризм индустриясы, негізгі капиталға инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау және есептеу моделі.
Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі -11 жыл.  Ғылыми-педагогикалық жұмысы жылдарында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 15-тен астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Братислава қаласының (Словакия) экономикалық университетінің Ұлттық экономика факультетінде біліктілігін арттырды.

Мекен жайы: Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі 11, 11-каб.
Тел / Факс: Телефон +7 7222 360363 (ішкі 113)
E-mail: liliya-shayahmetova@mail.ru
Қабылдау уақыты: Дс-жұма. 10.00-нан - 17.00-ге дейін
 

Орталықтың маманы
Құсайын Меруерт Мұратқызы
ҚР, ШҚО, Мәңгілік ел көшесі 11, 11 каб.
+7 (7222) 360363 (ішкі113)
mkussayin@inbox.ru

Жоғары білімнен кейінгі даярлық және ғылым орталығыорталығы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және стратегиялық жобалау мен ғылым бойынша проректорға тікелей бағынады.

Миссия: магистратураның 9 мамандығы бойынша және PhD докторантураның 6 мамандығы бойынша жоғары кәсіби білікті ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын даярлау; ҚазИГЗУ ЖОО білім беруден кейінгі бәсекеге қабілетті жүйесін жасау; университеттің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырушылық және әдістемелік қамсыздандыру; ғылыми өнімді жылжытуға жәрдемдесу; ғылыми зерттеу саласында университет жетістіктерін насихаттау.

Мақсаты: магистранттар мен докторанттардың оқу жұмыстарын үйлестіру, оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми әріптестікке негізделген жаңа формаларды енгізу, ой қабілеті мен қызметі үйлестірілген мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін Қазақстанның және жақын, алыс шетелдердің жоғарғы оқу орындарымен, ұйымдарымен, әртүрлі қорлар, бағдарламалармен ғылыми – педагогикалық байланысты кеңейту.

Жоғары білімнен кейінгі даярлық және ғылым орталығықызметі университет ПОҚ мен студенттердің зерттеу жобаларына қатысуы нәтижелілігін жоғарлатуға, университет ғалымдарының инновациялық белсенділігін қолдау мен бақылауға, басым бағыттар бойынша ғылым мен тәжірибенің даму үрдісіне жәрдемдесуге, жоспарлау саласында жұмыс атқаруға, ұйымдастыру мен ЖОО кейінгі даярлық жүйесіндегі оқу үрдісін қадағалауға, есепке алуға, талдауға және бағалауға бағытталған.

Жоғары білімнен кейінгі даярлық және ғылым орталығы қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. аймақтағы еңбек нарығының талаптарына сәйкес ЖОО кейінгі білім беру бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлап шығару.
  2. ЖОО кейінгі білім беру бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлаудың халықаралық және отандық тәжірибесімен танысу және эксперименталды білім беру бағдарламаларын енгізу.
  3. университеттегі құжат айналымы құрылымын қалыптастыру.
  4. магистратура мен PhD докторантурада оқу және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нормативті-реттеуші құжаттарды жасау.
  5. магистратура мен PhD докторантураны оқу-әдістемелік қамсыздандыру.
  6. университет бөлімшесінің ғылыми зерттеулерін үйлестіру мен талдау бойынша жұмысына жәрдемдесу.
  7. университет бөлімшелерімен бірлесе отырып ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарын (ҒЗЖ) және мемлекеттік тапсырмалар, университет бағыты, оның ғылыми және экономикалық қызығушылықтарын ескере отырып ҒЗЖ болашақ жоспарын жасауға қатысады;
  8. университет бөлімшелерімен бірлесе отырып университеттің ғылыми-зерттеу қызметін атқару бойынша жылдық және аралық есебін жасайды;
  9. конференцияларды, симпозиумдарды, дөңгелек үстелдер, семинарларды және өзге де ғылыми, соның ішінде халықаралық шараларды ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асырады.